Көкжайлау ұлттық парк құрамында қалады

Аида Балаева Алматы тау кластерін дамыту кезінде табиғатты қорғау мен туристердің қауіпсіздігі қатар жүруі керек екенін айтты.

Оның сөзінше, инфрақұрылым болмаса, ретсіз туризм табиғатқа зиян келтіреді. Сондықтан Almaty Superski жобасы экологиялық талаптарды сақтай отырып іске асуы тиіс.

Министр Көкжайлау жерлері Іле Алатауы ұлттық паркінің құрамынан шығарылмайтынын және ол жерде коттедждер мен виллалар салынбайтынын атап өтті.