«Славян базары» байқауында қазақстандық әнші жеңімпаз атанды

Қазақстандық әнші Ақерке Амалят Беларусьтің Витебск қаласында өткен «Славян базары – 2026» халықаралық ән байқауында бірінші орын иеленді деп хабарлайды Altyn-Orda.kz
25 жастағы өнерпаз әлемнің 19 елінен келген қатысушылармен сынға түсіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Осылайша, Ақерке Амалят Қазақстанның атынан өнер көрсетіп, беделді байқаудың бірінші жүлдесін жеңіп алды.
Байқауда екінші орын Беларусь өкілі Елена Кузнецова мен Молдова әншісі Алексей Осичевке бұйырды. Үшінші орынды Қырғызстаннан келген Нұрдоолот Деркембаев пен Грузия өкілі Важа Гаделия иеленді.
Ақерке Амаляттың жеңісі қазақстандық өнерпаздардың халықаралық сахнадағы кезекті жетістігі болды.










