Үкімет Алакөл жағалауындағы қорғаныс бөгетіне 3 млрд теңге бөлді

Қазақстан Үкіметі Алакөл көлінің жағалауын қорғауға арналған бөгет құрылысын жалғастыру үшін 3 млрд теңге бөлді деп хабарлайды     үкіметтің баспасөз қызметіне  сілтеме жасаған          Altyn-Orda.kz.

Бөлінген қаражат жалпы ұзындығы 6 шақырым болатын қорғаныс бөгетін салуға жұмсалады. Оның 2,5 шақырымы Көктұма ауылының, ал 3,5 шақырымы Ақши ауылының аумағында орналасады.

Жоба Алакөл жағалауын су шайып кетуден қорғауға, елді мекендер мен туристік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұған дейін, 2025 жылы, жағалаудың 1,7 шақырымдық бөлігінде жер қазу, бетон құю және габион құрылымдарын орнату жұмыстары жүргізілген. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстарының шамамен 25 пайызы аяқталды.

Алакөл – Қазақстандағы маңызды туристік аймақтардың бірі. Сондықтан жағалауды бекіту жұмыстары демалушылардың қауіпсіздігін арттырып, өңірдің туристік әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.

ТегтерАлакөл