Қазақ тілін меңгерген қытайлық кәсіпкер 10 миллиард доллардан астам жобаларды жүзеге асырған (ВИДЕО)

Қытайлық кәсіпкер Кан Хэпин қазақ тілін жетік меңгеруінің арқасында ірі халықаралық жобаларды жүзеге асырып, бизнесте елеулі жетістікке жеткен деп хабарлайды Altyn-Orda.kz
24KZ телеарнасының мәліметінше, кәсіпкер қатысқан жобалардың жалпы құны 10 миллиард доллардан асады. Кан Хэпин қазақ тілін білу Қазақстандағы серіктестермен сенімді қарым-қатынас орнатуға, келіссөздерді тиімді жүргізуге және жергілікті нарықтың ерекшеліктерін терең түсінуге мүмкіндік бергенін айтады.
Кәсіпкердің тәжірибесі мемлекеттік тілді меңгерудің тек мәдени тұрғыдан ғана емес, экономикалық және іскерлік байланыстарды дамытуда да маңызды екенін көрсетеді. Өзге елден келген азаматтың қазақ тілінде еркін сөйлеуі қазақстандықтардың да жылы ықыласына бөленіп отыр.
Кан Хэпиннің жетістігі Қазақстанда жұмыс істегісі келетін шетелдік инвесторлар үшін үлгі бола алады.
Өйткені жергілікті тілді, халықтың дәстүрі мен дүниетанымын құрметтеу өзара сенімді нығайтып, ауқымды жобалардың табысты жүзеге асуына жол ашады.
Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстар нығайып келе жатқан тұста қазақ тілін меңгерген шетелдік кәсіпкерлердің қатары артуы екі ел арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпіні
<
Посмотреть эту публикацию в Instagram










