Тоқаев Орталық Азия көшбасшыларының кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Altyn-Orda.kz.
Ақорданың мәліметінше, Қазақстан Президентінің сапары 31 шілде мен 1 тамыз күндеріне жоспарланған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Атада өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысады.
Кездесу барысында өңірлік ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, көлік және транзиттік бағыттарды жетілдіру, сондай-ақ Орталық Азиядағы қауіпсіздық пен тұрақтылық мәселелері талқыланады деп күтіледі.
Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, өзара тиімді ынтымақтастықтың алдағы бағыттарын айқындайды.










