АЛТЫНОРДА
Әлем жаңалықтарыБасты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы «Чалдыбар» бекеті уақытша жабылады

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекарада орналасқан «Чалдыбар» өткізу пункті уақытша жұмысын тоқтатады. 25 қараша күні сағат 01:00-ден бастап аталған бекет арқылы көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі хабарлады деп жазады  Altyn-orda.kz

Сыпатай батыр» өткізу пунктінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр. Аталған қазақстандық бекет Қырғызстанның «Чалдыбар» пунктіне қарама-қарсы орналасқан.

23 қарашадан бастап Қазақстаннан Қырғызстанға жүк көліктерінің кіруіне шектеу қойылған. Ал 25 қарашадан бастап жеңіл және жүк көліктері, сондай-ақ автобустардың өтуі толық тоқтатылады.

Сонымен қатар шекарадан жаяу өтуге рұқсат етіледі. Яғни азаматтар екі ел арасындағы шекараны жаяу кесіп өте алады.

Жолаушылар мен жүргізушілерге сапарларын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескерген жөн.