АЛТЫНОРДА
Басты жаңалықтарҚоғам

Аят Сүгірбай: Әділетті Қазақстанда жершілдік пен рушылдыққа жол бермеу керек

«Әділет» партиясы фракциясының депутаты Аят Сүгірбай қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындарға ру-тайпа атауларын беруге заң жүзінде шектеу қоюды ұсынды.

Депутаттың мәліметінше, Қазақстанда қазақ руларының атымен аталған 800-ге жуық коммерциялық және коммерциялық емес ұйым тіркелген. Олардың басым бөлігі 1996-2005 жылдар аралығында құрылған.

Аят Сүгірбайдың пікірінше, ру атауларын кәсіпорындар мен ұйымдардың атауында пайдалану қоғамда рушылдық түсініктің таралуына әсер етуі мүмкін. Ол мұндай атауларды коммерциялық мүддеге айналдыру руаралық араздыққа да себеп болуы ықтимал екенін атап өтті.

Депутат ру тарихын білу мен руға бөлінудің екі бөлек ұғым екенін еске салды. Оның айтуынша, тарихи шежірені құрметтеу маңызды, алайда ру атауларын қоғамдық немесе коммерциялық мүддеге пайдалану ел бірлігіне кері әсер етуі мүмкін.

 

Қазір қолданыстағы заңнамада ру атауларын пайдалануға тікелей тыйым салатын норма жоқ. Сондықтан депутат осы бағытта заңнамалық өзгерістер енгізу қажет деп санайды.

Осыған байланысты депутат Әділет министрлігінен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамаға өзгеріс енгізіп, ұйымдарға ру немесе жүз атауын беруге тыйым салу мәселесін қарастыруды сұрады.

 

 </p