АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО ұйымы да Ресей мен Украина сияқты әскери қақтығыстың аяқталғанын қалайтынын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлады.
Ақ үй басшысы бұл пікірін Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында өткен іс-шара кезінде білдірді.
«Менің ойымша, Владимир Путин соғыстың аяқталғанын қалайды. Мен бұған сенемін. Екінші тарап та қақтығыстың тоқтағанын қалайды деп ойлаймын. НАТО да соғыстың аяқталғанын қалайтынын айта аламын», – деді Дональд Трамп.
Абу-Дабиде үшжақты келіссөздер өтті
Айта кетейік, 10–11 қараша күндері Абу-Даби қаласында Ресей, АҚШ және Украина делегацияларының қатысуымен келіссөздер өткен болатын.
Ресей делегациясын президенттің көмекшісі Владимир Мединский басқарды. Оның айтуынша, кездесудің негізгі тақырыбы Еуропадағы қауіпсіздік архитектурасы болған.
Сонымен қатар тараптар Ресей мен Украина арасында әскери тұтқындарды ауқымды түрде алмастыру туралы жаңа келісімге келген. Алмасудың нақты шарттары мен көлемі кейінірек жариялануы тиіс.
Трамптың соңғы мәлімдемесі Украинадағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған дипломатиялық талқылаулар жалғасып жатқан кезеңде айтылды.
