АЛТЫНОРДА
Басты жаңалықтарҚазақстан жаңалықтары

Алматыда ҮЕҰ-ды дамыту және қолдау мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Алматы қаласындағы Достық үйінде «Үкіметтік емес ұйымдарды дамыту және қолдаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік органдар, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі мен сарапшылар қауымдастығы қатысты.

Кездесу барысында азаматтық секторды дамыту, ҮЕҰ-ға мемлекеттік қолдау көрсету тетіктері, ұйымдардың қызметіндегі өзекті мәселелер және мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланды. Қатысушылар ҮЕҰ қызметін жетілдіруге және олардың әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешудегі рөлін арттыруға бағытталған ұсыныстарын білдірді.

Дөңгелек үстел Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен өтті. Ұйымдастырушы – «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қоры.