cурет ЖИ дің көмегімен жасалынды
Алматы қаласындағы жеміс-жидек сататын дүкендердің бірі Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай ерекше сән-салтанатпен безендірілді деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Дүкен иесі ұлттық мерекеге арнайы дайындалып, сауда орнын қазақы нақыштағы әшекейлермен әрлеген. Безендіру барысында ұлттық реңкке басымдық беріліп, дүкеннің сыртқы келбеті мерекелік көңіл күй сыйлайтындай етіп жасалған.
Ерекше безендірілген сауда орнының видеосы әлеуметтік желілерде таралып, желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды. Көпшілік кәсіпкердің ел тарихы мен ұлттық мерекеге деген құрметін жоғары бағалап, жылы лебіздерін білдіруде.
Айта кетейік, Қазақстанда Тәуелсіздік күні 16 желтоқсанда атап өтіледі. Мұндай шағын бастамалар да ұлттық мерекенің маңызын арттырып, отансүйгіштік рухты күнделікті өмірде насихаттауға үлес қосады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
