Белгілі сазгер Арман Дүйсенов өмірден озды

 

Танымал әнші-сазгер Арман Дүйсенов 49 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы әнші Индира Елемес өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Қаралы хабарды Индира Расылхан, Динара Қырықбаева, Ерболат Төлеген, сынды өнер иелері растады.

“Арман ағау…Неге олай ? Иманы саламат болсын ,мекені жәннәт болсын”, – деп жазды ол. 

Арман Дүйсенов – 1974 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, продюсер әрі тележүргізуші. Музыканттың еңбек жолы 1990 жылы Павлодар қаласында өткен ХХІІ республикалық жас орындаушылар байқауында жеңіске жеткеннен кейін басталған. Өнер иесінің артында жұбайы Айсұлу мен үш баласы қалды.