Қазақстанмен шекаралас әскери қоймада жарылыс болды

Қазақстан шекарасына жақын жердегі әскери қоймада жарылыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Өзбекстанның Сырдария облысында болған жарылыстың бейнежазбалары таралды.

Өзбекстан қорғаныс министрлігі оқиға 22 қазанда сағат 4.55-те Малик елді мекеніндегі қорғаныс министрлігінің қоймасында болғанын хабарлады. Ол Қазақстаннан бірнеше ондаған шақырым жерде орналасқан. Министрлік бұл қоймада не сақталғанын, сондай-ақ жарылысқа не себеп болғанын нақтылаған жоқ.

Оқиға барысында зардап шеккендер жоқ. Жарылыстан толқын пайда болып, соның салдарынан қоймаға жақын орналасқан үйлерде әйнектер сынған, кейбір пластикалық құрылымдар қираған. Бұл факт бойынша тергеу жүргізілуде.