«Велосипедке таласқан»- Жаңаөзенде әйелдер ойын алаңында төбелескен
Жаңаөзенде екі әйел ойын алаңында төбелесіп қалды. Ашуланған аналар балалардың жылағанын да ескермеген және ересектер де болған .Олар біріне -бірі арбаны лақтырып жіберген, — деп хабарлайды altyn-orda.kz
Жанжал түс ауа балалар ойнайтын алаңда орын алған .Олар велосипедке таласқан. Әрқайсысы өз балаларын отырғызуға тырысқан одан кейін жұдырықтаса жөнелген
Аналар құмсалғышқа құлағаннан кейін де төбелесті жалғастырған . Ашулы әйелдерді қасынан өтіп бара жатқан ер адамдар ғана ажыратқан .
Желіде қызу төбелестің түсірілімін көрген полицейлер олардың кім екенін анықтаған . Бірақ екеуі де бір-біріне ешқандай талаптары жоқ екенін айтты.
«Полицейлер екеуінің де жеке басын анықтады, содан кейін азаматтар қалалық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Әйелдердің бір-біріне шағымдары жоқ, олар арыз жазбаған. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді«, — деді Әйгерім Ибатуллаева, баспасөз қызметінің жетекшісі.