Депутат Петропавл атауын өзгерткісі келетіндерді «мәңгүрттер» деп атады

Қалалық мәслихат депутаты Павел Афанасьев Петропавл атауын өзгерткісі келетіндерді «мәңгүрттер» деп атады. Бұл туралы ол телеграм-арнасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қала немесе облыстың атауын өзгерту жөніндегі мәселені біздің қоғамда тыныштық пен халықтың көңіл-күйін, келісім мен интернационализмді бағаламайтындар көтереді. Қалалардың атауын өзгертумен көпұлтты емес, моноұлтты мемлекет құрғысы келетіндер айналысады. Мәңгүрттер, Петропавл атауын өзгертуге жұмылыңдар», — деп жазған депутат.

Депутаттың бұл жазбасы көптің ашуын туғызды. Желі қолданушыларының бірі тіпті оны «депутаттықтан қуу керек» деп жазған.