Төреғалидің кенже қарындасы сүйіктісімен мұсылманша неке қидырды (фото, видео)
Төреғали Төреәлінің кенже қарындасы сүйіктісімен мұсылманша некесін қидырды. Дина Төреәлі бұл жайлы Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дина Төреәліге қыркүйек айының басында сүйіктісі ұсыныс жасаған болатын. Ол ғашығымен кездескендеріне үш ай толғанда, тұрмысқа шығуға ұсыныс алғанын жасырмаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал бірнеше күн бұрын Дина Әлиханқызы неке қию куәлігін көпшілікке көрсетті. Сонымен қатар Төреғалидің қарындасы мешіт алдынан видео мен суреттер жариялаған. Желі қолданушылары әншінің қарындасынан сүйіктісін қашан көрсететінін жарыса сұрады. «Мәһрге не сұрадыңыз?», «Сүйіктіңізді қашан көрсетесіз?», «Бақытты отбасы болыңыздар», — деп жазды олар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram