Елімізде ескерткіштер қоя бергеннен гөрі, спорт нысандары мен медицина орталықтарын салу керек! — Тоқаев

Атырау облысының жұртшылығымен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев «елімізде ескерткіштер қоя бергеннен гөрі, спорт нысандарын көбейту» керектігін мәлімдеді, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.

“Өңірдегі көптеген спорт нысанына жөндеу жүргізу қажет. Сонымен бірге республикалық және халықаралық жарыстар өткізетін жаңа спорт кешендерін салу керек. Жалпы, көп шығынды талап етпейтін спорт түрлерін дамытқан жөн. Мысалы, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, садақ ату, қазақша күрес, тағы басқа. Тағы бір айтайын дегенім, ескерткіштер қоя бергеннен гөрі, спорт және медицина нысандарын салуға баса назар аудару қажет. Бұл Атырау облысына ғана емес, бүкіл елімізге қатысты мәселе«, — деді Тоқаев.