Құрдастарының тойында ер адамды бесікке бөлеп, тербеткендер жұрттың ашуын тудырды
Әлеуметтік желіде тойда ер адамды бесікке бөлегендердің видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Видеода туған күні болып жатқан ер адамның жолдастары оған тосын сый ретінде бесікке саламыз дейді. Кейін асаба «Шүмек пен соска қайда?» деп әзілдейді. Ер адамды басына нәрестенің бас киімін кигізіп, бесікке жатқызып бөлеп, тербетеді.
Бұл әрекет желі қолданушыларының ашуын тудырды.
«Бесік-қазақтың ең қасиетті заты. Мұны мазақ қылғандарға Құдай сана берсін. Жалпы осы ғасыр – қазақ ұлтының азғындау дәуірі болды. Өте өкінішті. Мынандай салт-дәстүр қазақта жоқ еді ғой? Дардай еркекті бесікке жатқызып не көрінді? Бұлай күлкі болғанша, табытқа жата салмай ма? Мына үлкен әйелдерде де ми жоқ екен. Жасына лайық дүние істеу керек қой», — деп жазды видеодағыны сөккен желі қолданушылары.