« Ағам тірі болса болды» Қатерлі ісікке шалдыққан жігітке қазақстандықтар емге ақша жинап берді
Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Instagram-парақшасына жариялады деп хабарлайды altyn-orda.kz
Тікелей эфирге журналист Гүлмира Әбіқай ,Айнұр Тұрсынбаева және түркияда тұратын блогер Қайша Керей ақша жинауға атсалысқан
Ескі жатақханада тұратын ағайынды Наурыз бен Нұрәлінің арасы 5 жас. Журналистің мәлімдеуінше, аналары екі ұлды жеті жыл бұрын тастап кетті, ал бауырлар әкесімен тек анда-санда жолығады. Қазіргі таңда оның өз сүйгені бар. Науқас Наурыз інісін асырау үшін жұмыс істейді.
«Наурыз жұмысқа таңғы 4-те кетеді. Автобуста контролер. Нұрәлі мектеп оқиды. 15 жасынан бастап қызметке кіріскен. 18-ге толғанда, ақша тауып, інісін ешкімнен кем қылмай киіндіріп, бағып қағуды армандады. Өкінішке қарай, 18 жасында тамағында ісік пайда болды”, – деп жазды Абықай.
Дәрігерлер алғашында жігіттің басында грыжа деді, алты айдан соң, суық тиген деп емдеді. Асқынған кезде жаман ауру екені анықталды. Наурыздың ем алуға мүмкіндігі жоқ.
Осы жазбадан кейін қазақстандықтар қаржылай көмек көрсетіп, 18 жастағы жігіттің еміне 16 млн теңгеден астам ақша жинады.
«Маған ешнәрсе керегі жоқ. Тамақ та ішпеймін, киім де кимей-ақ қойдым, ешқайда қыдырмаймын, телефон да алмаймын. Тек ағам тірі болса екен», – дейді 14 жастағы Нұрәлі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram