Алматы облысындағы коттедж қалашығында топырақ көшкіні жүрді (фото, видео)

Алматы облысы Бесағаш ауылында топырақ көшкіні жүрді. Тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ, алайда топырақтан кей үйлер бүлінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдің Төтенше жағдайлар департаментіне cілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, 27 ақпан күні сағат 09:50-де Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы Бурабай коттедж қалашығында топырақ көшкені жүргені туралы хабарлама келіп түскен.

Алдын ала болжам бойынша, топырақ көшкінінің жүруіне өңірде екі тәулік бойы жауған қар аралас жаңбыр себеп болған. «Жауын-шашынның нәтижесінде топырақ ылғалданып, салдарынан тау бөктерінен Баянауыл көшесіндегі екі тұрғын үйдің ауласында қалқан болып тұрған қоршау — бетон қабырға арқылы топырақ көшкіні жүріп өткен. Таудан сырғып түскен топырақ үйлердің бірінің терезесіне зақым келтіріп, ішкі бөлмелерге кірген. Екінші үйде қатты соққыдан жарықтар пайда болған», — делінген ТЖД хабарламасында.

Ведомство бұл жайттан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті. ТЖ орнына ТЖД, «Қазселденқорғау» ММ, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жібірліген. Сондай-ақ оқиғаның нақты себебін және келтірілген залалды анықтау жөніндегі комиссия құрылған. Таудан түскен топырақтың көлемі шамамен 360 текше метрге тең. «Төрт тұрғын көршілерінің үйінде, екінші үйдің бес тұрғыны Алматы қаласында», — деп қосты ТЖД өкілдері.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

kaz.nur.kz