Әйгерім Қалаубаеваны «қызғанған» Нұрлан Әлімжан желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде қос әнші Әйгерім Қалаубаева мен Нұрлан Әлімжанның видеосы тарады. Қалаубаева TikTok желісінде әріптесінің өзін өзге әншіден қызғанған сәтін жариялап қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеода Әйгерім Қалаубаева өнердегі екі әріптесі — Нұрлан Әлімжан және Әзімбек Байлинмен тұрғанын көруге болады. Видео әзіл мақсатында түсірілсе де, желі қолданушылары Нұрлан Әлімжан мен Әйгерім Қалаубаеваны жұптастырып үлгерді.

«Әдемі жұп», «Таңғалдырудан шаршамайсыңдар», «Екеуі күшті жарасады», «Екеуі жарасады. Бірақ әйелі, күйеуі бар емес пе? Басы бос болса, бір жөн», «Жарасымды жұп, бақытты болыңыздар», «Нұрлан ағаның отбасы бар емес пе?», «Шығармашылық табыс тілеймін», — деп жазды желідегілер.