Айтыскер Балғынбек Имашев пен Жеңіс Сейдулла құда болды

Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев Назым есімді қарындасын Жеңіс Сейдулланың әулетіне ұзатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақынның отбасындағы қуанышпен айтыскер Данияр Алдаберген Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

“Кеше Балғынбек ағамыздың әулетінде қуаныш болып, Назым қарындасымызды ұзаттық. Сәні мен салтанаты жарасқан ұлттық үлгідегі тамаша думан болды. Осы іс-шараға үлес қосқан барша бауырларыма Алла разы болсын Жеңіс аға мен Алма жеңгем құдаларды бастап келгенде іштей мәз болдым. Көптен көрмеген сыйлас жақындарыңды кездестірсең көзіңе оттай басылады екен. Ағамыздың әні кештің сәні болды», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары той иелерін құттықтап, жас жұбайларға бақыт тіледі. 

“Өрісі кеңейіп жатқаны құтты болсын Балғынбектің”, “Қызымыз бақытты болсын”, “Той тойға ұласа берсін”, “Алла бақытты некені нәсіп етсін”, “Құтты болсын”, “Бақытты болсын”, – деп жарыса жазды желідегілер.