Ақтау тұрғыны өзінің үш баласын азаптап өлтірді

Ақтауда полиция кәмелетке толмаған балаларды өлтірді деген күдікпен олардың әкесін ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Ақтау қаласындағы 27-шағын аудандағы пәтерден зорлықпен өлтірілген балалар табылған. 2011, 2014 және 2016 жылы туған кәмелетке толмағандарды өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері 36 жастағы әкесін ұстады.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2 және 3-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.