Ақтөбе облысындағы оқушы қыз бала босанды — Денсаулық сақтау министрлігі оқиғаның мән-жайын айтты

Ақтөбе облысында оқушы қыз бала босанды — Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді
Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің басшысы Шакизат Халыкова Ақтөбе облысындағы жас босанған қызға қатысты жағдайға түсініктеме берді деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Оның айтуынша, нәресте салмағы 2,7 келі, дені сау болып дүниеге келген.
Анасының жағдайы тұрақты, онымен психологтар жұмыс істеуде. Ана мен бала Ақтөбе қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта медициналық бақылауда.
Халыкова қыздың мектептің спорт залында босанды деген ақпаратты жоққа шығарды. Оқушы ішінің ауырғанына байланысты аудандық ауруханаға жеткізілген, сол жерде жүктілік анықталған. Босану процесі асқынусыз өткен.
Қазіргі уақытта ата-анасы баланы үйге алып кету туралы шешім қабылдаған.
