Республика күніне орай елордалықтар «Менің Қазақстаным!» атты патриоттық челленджді қолдап, тұрғын үйлердің балкондарына және ғимараттарға шамамен 1000 мемлекеттік ту ілді. Акцияны елордалық жастардың бастамасымен, әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.
«Жыл сайын отбасымызбен осы акцияға қатысамыз. Қала аспанында көптеген тулар желбіреген сәтте елімізге деген мақтаныш сезімі оянады», — деді Сарыарқа ауданының тұрғыны.
Мемлекеттік туды Республика күні қарсаңында ілу дәстүрге айналды. Бұл шара қаланы көріктендіріп қана қоймай, тұрғындарды бірлік пен патриотизмге үндейді.
Заңнамаға сәйкес, азаматтар мемлекеттік туды жеке мақсатта — балкондар мен ғимараттарда — тиісті талаптарды сақтай отырып қолдана алады.

