Сомалиде екі күн ішінде Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін төрт миллион доллар жиналды деп хабарлайды TRT ақпарат агенттігііне сілтеме жасаған altyn-orda.kz
Жиналған қаражаттың бір миллион долларын үкімет берсе, ал қалған үш миллионын осы Африка елінің азаматтары жинады.
Қайырымдылық акциясын Сомали премьер-министрі Хамза Абди Барре бастаған.
Сомали 2021 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 446 долларға тең әлемдегі ең кедей елдердің қатарына кіреді (Қазақстанда 10 373 доллар).

