Алматы облысында бірнеше ауыл мен округ атауы өзгереді

Мәслихат Іле, Талғар, Кеген аудандарындағы ауылдардың атауын өзгерту туралы шешімді қабылдады. Тиісті қаулыны Алматы облысының әкімі шығарған.

Іле ауданы:
Энергетик ауылдық округі – Өтеген батыр ауылдық округі;
Покровка ауылы – Кенен Әзірбаев ауылы;
Чапаев ауылдық округі және Чапаево ауылы – Байкент ауылдық округі және Байкент ауылы;
Междуреченск ауылдық округі және Междуреченск ауылы – Ақсай ауылдық округі және Ақсай ауылы;
ҚазЦИК ауылдық округінің Комсомол ауылы – КазЦИК ауылдық округінің Жайнақ ауылы;

ҚазЦИК ауылдық округі мен ҚазЦИК ауылы – Асқар Тоқпанов ауылдық округі және Асқар Тоқпанов ауылы.
Кеген ауданы:

⏺Жалаңаш ауылдық округі және Жалаңаш ауылы Жалағаш ауылдық округі және Жалағаш ауылы болып өзгертіледі.
Талғар ауданы:

⏺Панфилов ауылдық округіндегі Қызыл-Ту-4 ауылының атауы Жібек жолы ауылы болып өзгереді.

Осы Алматы облыстық мәслихатының бірлескен шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2024 жылғы 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.