Алматы облысында он күннен бері үш жасар қыз табылмай жатыр

Алматы облысында жоғалып кеткен үш жасар қыз 10 күннен бері іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кішкентай қыз 17 наурыз күні үйінен шығып кетіп, оралмаған. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында болды. Қыздың анасы полицияға кешке хабарлаған. 

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторлары, кинологтар, жергілікті полиция және жедел блок қызметкерлерінен құрылған арнайы іздеу тобы құрылды. Қазір үйретілген иттермен ауқымды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов. 

Баланы іздейтін арнайы комиссияға жергілікті тұрғындар да қосылды. 

Бұған дейін Ақтауда жоғарғы қабаттан секіріп кетпек болған қыз іздестіріліп жатқанын жаздық. 

3 наурыз күні 32б шағынауданындағы «Amanat» тұрғын үй кешенінде әйел адам суицид жасамақ болды. Полицияның мәліметінше, терезеден секірмек болған 20 жастағы қызды райынан қайтарып, құтқарып қалған. Содан кейін ол белгісіз бағытта үйден шығып кеткен.