12 қыркүйекке қараған түні Алматының Медеу ауданында бетперде киген үш ер адам жергілікті кәсіпкердің үйіне баса-көктеп кірген.
Олар тапаншамен қорқытып, зергерлік бұйымдар, қымбат сағаттар және қомақты ақшаны ұрлап кеткен.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, келтірілген жалпы шығын шамамен 500 миллион теңгені құрады деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Полиция күдіктілерді ұстап, олардан заттай айғақтар тәркіленгенін хабарлады .
«Тергеу барысында ұсталғандардың тағы екі ұқсас қарақшылық шабуылға қатысы бар екені анықталды: оның бірі — биыл Алматы облысында, екіншісі — 2024 жылы Алматы қаласында жасалған», — деді ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Сурет www.04141.com.ua/list/257259 сайтынан алынды

