«Амандасам қолымды алмады «: Ерлан Біләл ұстазы Тұңғышбай Жаманқұловпен арадағы келіспеушілік жайлы не айтты

Танымал театр актері Ерлан Біләл ұстазы Тұңғышбай Жаманқұловпен арадағы келіспеушілік туралы алғаш рет сұхбат берді. Бұл туралы БазарLike бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

«Ол кісі менің ұстазым. Ол кісіге көмектесу үшін шама-шарқым келгенше әрекет жасадым. «Аға, қойыңыз, тоқтаңыз», — деген жанашырлықты ол басқаша қабылдады. Біреудің айтуымен деген сияқты… Өзі солай ойласа, мен не істеймін?

Жанашырлық танытсаң, оны біреу керісінше қабылдайды. Мен барынша, шамам келгенше ол кісіге ағам ретінде, ұстазым ретінде жақсылық жасауға тырыстым. Ал ол кісіге кім ақыл берді, кім кеңес берді әлде өзі солай түсінді ме? Білмеймін. Бұл туралы әлеуметтік желі, газет-журнал, теледидар, барлығына айтардай айтты.

Бірақ мен оны тайталасып айтқым келмейді. Өйткені өзімнің пейілім, көңілім таза екенін білемін. Керек емес нәрсе ол», — деді актер. Сондай-ақ Ерлан Біләл ұстазы Тұңғышбай Жаманқұловтың әйеліне министрден кешірім сұратпақ болған деген сұраққа да жауап берді. «Мұны қазір қазып, шу қылып, айтқым келмейді.

Бұдан ешкім береке таппайды. Қара нәрсемен, қараңғы нәрсемен алысудың орнына, адам жақсылыққа, жарыққа ұмтылуы қажет. Менің принципім сол. Мен қалай айтамын? Сол кісіде оқыдық. «Барайық, ана кісі кетіп бара жатыр. Анасың ғой сен. Мүмкін саған тоқтайтын шығар. Мына жағдай тоқталар, бір ыңғайға келер»,- дегенім рас. Мен гений емеспін. Шамам жеткені сол. Айттым. «Ана кісі ертең түрмеге кетіп қалмасын», — дедім. Ал маған үй алып бердім дегені өтірік. Маған спонсор тауып, үй алып берген — Болат Атабаев», — деді Ерлан Біләл.

kaz.nur.kz