«Мемлекет те, адамдарды да дамымаған»: Ресейлік трансгендер өзіне қатысты жағымсыз пікір қалдырған қазақстандықтарға жауап берді

Ресейлік трансгендер-блогер өзіне қатысты жағымсыз пікір қалдырып, хат жазған қазақстандықтарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде Хилми Фокс лақапатымен белгілі блогер мемлекеттен кетуін талап етіп, жолданған хаттардың скриншотын жариялады. 

«Ауру, өмірге өкпесі бар қазақтар, «Қазақстаннан кет» деп маған жазуды қойыңдар. Менің Италияға келгеніме үш күн болды. Біле білсеңдер, мен Қазақстанға банк картасын жасату үшін барғанмын. Бірақ уақыт жетпегендіктен жасай алмадым. Ал Италияға билетті ерте алынды, ол жаққа ұшуыма бір адам себепкер болды. Негізі сендердің елдеріңе баруды жоспарламағанмын. Бір рет бардым, сол да жетеді. Ол жақта жақсы адамдар бар. Негізі мемлекет те, адамдары да дамымаған», – деп жазды трансгендер. 

Бұған дейін трансгендер-блогер Алматыдағы спорт алаңқайында балаларды «мәмбет» деп атап, балағаттаған еді. Көп ұзамай оның бұл сөздеріне қатысты полиция пікір білдіріп, тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді.