«Анамның тағдырын қайталадым»: Күйеуімен ажырасқан Айжұлдыз Адайбекова күтпеген мәлімдеме жасады

Блогер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекова Айнұр Ілиясова жүргізетін «Момский әңгіме» жобасында қонақ болып, түрлі сұрақтарға жауап берді. Ол жүктілік кезеңіне тоқталып, ажырасу тақырыбын да айналып өтпеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжұлдыз Адайбекованың айтуынша, жүктілік кезінде күйеуі қасында болмаған. Мұндай жағдай өзінің анасы Жанар Айжанованың да басында кездескен екен. Айырмашылығы — Жанар Айжанова жүкті кезінде жолдасы қайтыс болады, ал Айжұлдыз жүкті кезінде күйеуімен бөлек кетеді. «Мамамның аяғы ауыр кезде папам авариядан қайтыс болды. Бұл енді басқа нәрсе. Ал негізі менің әкем өте жанашыр, қасында жүретін жақсы адам болған екен. Кейін мен өзімді, өз тағдырымды шамадан тыс қазбалай бастадым.

Былай қарап отырсам, мен анамның тағдырын қайталағандаймын. Өйткені тура сондай айлық кезде анамда болған жағдай менде де болды. Тек біраз өзгерістер бар, заманауи нұсқа. Бір шетінен бұл карма шығар деп ойладым. Мүмкін, ата-анам жағынан соңына дейін жасалмай қалған бірдеңе бар шығар? Сол кезде бәрін зерттей бастадым.

Тіпті, папамның жатқан жеріне барып қайттым Ақтөбе жаққа. Бір нәрсе дұрыс еместігін сездім. Негізі әкемнің туыстарымен қатты жақын араласамын дей алмаймын. Мамам кішкентай кезімде апарып тұрды. Ал өз еркіммен, саналы түрде барған кезім осы еді. Бардым, бәрін айттым, құранымды бағыштадым», — деді Айжұлдыз.