Әнші Әли Оқапов “Құрмет” орденімен марапатталды

Белгілі әнші, музыкант Әли Окапов “Құрмет” орденімен марапатталды.  Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бір топ өнер қайраткерлері түрлі наградалармен мадақталды. 

Бүгін «Құрмет» орденінің иегері атандым! Күтпеген жағдай болды шынымен. Көп рахмет! Осы атаққа лайық еңбек етуге, артылған сенімді ақтауға барымды саламын. Құттықтауларыңызға рахмет! Басымды иемін!, – деп жазды әнші инстаграм парақшасында.