Әнші Өмірқұл Айниязов жұбайымен гендер пати жасады

Белгілі әнші Өмірқұл Айниязовтың жары күні кеше үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін айтқан болатын. Қуанышты жаңалықты ұзақ уақыт құпияда ұстаған ерлі-зайыпты көпшілік алдында баланың жынысын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі жақындарының басын қосып, гендер пати жасады. Өмірқұл Айниязов әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық мереке кезінде түсірілген видеодан үзінді жариялады. Бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған әнші тағы бір ұлды болмақ.

“Бәрі бір айтып қойдық қой. Оқырмандардың сұрауымен видеоның толық нұсқасын тамашалаңыздар”, – деп жазды Өмірқұл Айниязов.

Желі қолданушылары әншіні қуанышымен құттықтап, ақжарма тілегін жаудырды.

“Шүкір, құтты болсын”, “Келіннің аяғы құтты болған екен”, “Өмешім сендер үшін өте қуаныштымын! Ұзағынан сүйіндірсін”, “Тіл-көзден сақтасын, аман-есен, дені сау дүниеге келсін”, “Алла берерінен танбасын ізініз көбейе берсін”, “Дүниеге шекесі торсықтай азамат келсін”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін Өмірқұл Айниязовтың жұбайы үшінші сәбиіне жүкті екенін айтқан болатын.