Әнші Садраддин көпбалалы анаға пәтер сыйлады

Хит әндердің авторы, әнші Садраддин жалғызбасты көпбалалы ананы қуантты. Ол отбасына жаңа пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

“5 жасар бала күнгі Садраддиннің арманы орындалды”, – делінген видео сипаттамасында.

Оның айтуынша, анасы екеуі пәтерден пәтерге көшіп жүрген кезде осы күндерді армандаған.

“Қазір шүкір, құдай сондай мүмкіндік беріп тұрған кезде біз де бір отбасын қуантып, арманын орындайық деп шештік. Себебі “өз баспанамыз болса” деген – менің бала күнгі арманым еді. Қазір пәтер жалдап тұру көпбалалы жалғызбасты анаға – үлкен проблема. Сол күнде келіп жетті. Алланың қалауымен бір кісіге пәтер сыйлаймыз” – дейді Садраддин.

Пәтер бес балалы жалғызбасты анаға бұйырды. Әйелдің денсаулығы сыр бергендіктен, жұмысқа жарамсыз деп танылған.

Әнші көпбалалы ананы “мектепке киім алып береміз” деп шақырғанын айтады. Пәтер кілтін аламыз деп күтпеген отбасы мүшелері түгел көзіне жас алып, әншіге ризашылығын білдірді.