Әнші Саят Медеуов алғаш рет жұбайын көрсетті (фото)

50 жасқа толған әнші әнші Саят Медеуов күні кеше жеке кешін өткізді. Өнер иесі ән кешінен соң туған күнін тойлап, ел алдына жұбайымен шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Бұл сәтті Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы Мархабат Instagram парақшасында бөлісті.

«Саят Медеуов 50 жас мерейтойыңыз құтты болсын», — деп жазды әншінің әйелі. Сонымен қатар продюсер Гүлзира Айдарбекова да Instagram парақшасында Саят Медеуовтің әйелімен сурет жариялап, оның есімін атады.

 

Гүлзира Айдарбекова, Саят Медеуов жұбайымен.

«Саят Медеуов бүгінгі концерттің керемет өтуіне тілекшіміз. Саяттың асыл жары Гүлбаршынмен», — деп бөлісті продюсер. Айта кетейік, осыған дейін Саят Медеуов көпшілікке отбасы жайлы неге айтпайтынын түсіндірген болатын.

kaz.nur.kz