Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алу мерзімі ұзарды

Бұрынғы мәдениет министрі, Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы елордалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Еске салайық, Арыстанбек Мұхамедиұлы биыл мамырдан бері қамауда.

«2022 жылғы 20 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы А.-ға қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты», — деді Астана сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың 28 мамырында Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды. Ол бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілініп отыр.