«Аса қорқынышты»: Экстрасенс жоғалған атыраулық отбасыға болжам жасады (ФОТО)

Атырау облысында із-түссіз кеткен отбасыға қатысты алаңдатарлық жаңа дерек пайда болды. Бұл жолы аталған жағдайға байланысты танымал экстрасенс Камран Самедов өз болжамын айтқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасаған Altyn-orda.kz

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі жазбасында экстрасенстің айтқандары жұбаныш сыйламайтынын атап өтті. Оның сөзінше, Самедовтің болжамы тым ауыр әрі үрейлі болғандықтан, толық нұсқасы көпшілікке жария етілмеген.

«Экстрасенс жоғалған отбасыға қатысты оң болжам айтқан жоқ. Ақпараттың өзі аса қорқынышты, сондықтан оны ашық жеткізуге жүрексіндім», – деп жазды журналист.

Қазіргі таңда бұл оқиғаға байланысты ресми іздестіру және тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Құзырлы органдар тергеу барысына қатысты нақты мәліметтер тек ресми дереккөздер арқылы ғана таратылатынын ескертті.