Астанада Салтанат Нүкенова қайтыс болған мейрамхананың атауы жазылған маңдайша алынды (видео)

«Гастроцентр» өкілдері экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болған Астанадағы «BAU» мейрамханасының иелерімен жалға беру келісімін бұзды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі мекеменің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

«Жалға берілген «BAU» мейрамханасының аумағында болған қайғылы оқиғаға үлкен өкініш білдіреміз және Салтанат Нукенованың отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Болған жайт біздің де жанымызға батып, қабырғамызды қайыстырып отыр. Қазіргі таңда «Гастроцентр» басшылығы мен қызметкерлері тергеу жұмыстарына көмек беру үшін бар күш-жігерін салуда. Біз қоғамның наразылығын толық қолдаймыз: зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды», — деп жазылған орталықтың Instagram-дағы парақшасында.

Орталық өкілдері осы жағдайға байланысты заң аясында бірқатар шешім шығарғанын хабарлады: Құрылтайшылардың шешімімен бірауыздан «BAU» мейрамханасының иелерімен жалға беру шарты бұзылды;

«Гастроцентрге» жаңа директор тағайындалды;

«Гастроцентрді» күзету қызметі бойынша қауіпсіздік шаралары күшейтіледі:

қауіпсіздік қызметін көрсететін ұйымдармен келіссөздер жүргізілуде.

«Сонымен қоса «BAU» мейрамханасы Гастроцентрден жалға орын алған 30 мекеменің бірі екенін нақтылағымыз келеді.

«Гастроцентр» астаналықтардың демалуы үшін елорда орталығында көпке белгілі мейрамханалар желісін біріктіру мақсатында құрылған. Біз жайлы демалыс орнын жасауға тырыстық және сіздердің қолдауларыңызбен осы бағытта жұмысымызды жалғастыруға ниеттіміз. Алдағы уақытта келушілеріміздің жайлылығы мен қауіпсіздігіне бұдан да көп көңіл бөлінетін болады», — деп жазылған мәлімдемеде.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от gastro center (@gastro.center)

kaz.nur.kz