Астанада жоғалып кеткен 12 жасар бала екі тәуліктен соң аман-есен табылды

Астанада 2 күн бұрын жоғалып кеткен 12 жастағы оқушы табылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында жазды.
Айта кетейік, 7 cәуірде Икар Сейітжан үйінен Егемен Қазақстан көшесіндегі 15-үйге кітап алуға кеткен. Содан кейін бала үйіне қайтып оралмаған. Оны сол күні №8 мектеп-лицейінің жанынан көргендер болған. 9 сәуірде сағат 04:30 шамасында бала сол жағалаудағы тамақтану орындарының бірінен, балаға іздеу жариялаған астаналық клуб еріктілері оны тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды.
