Астаналық әйел бала арбасына тығып супермаркеттен сегіз бөтелке виски ұрлаған (ВИДЕО)

 

Жас ана тығылып, дүкеннен сегіз бөтелке алкогольді алып шыққан. Ол үшін әйел нәрестені қолына алып, ұрланған вискиді арбаға салып кеткен, деп хабарлайды  altyn-orda.kz

Елордалық супермаркеттердің бірінің бейнебақылау камерасына түскен видеода ананың бөтелкедегі вискиді балалар арбасына қалай салып жатқаны көрсетілген.

Осылайша келіншек сегіз бөтелке   вискиді алып шыққан .

Астана полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, келтірілген шығын көлемі 81 мың теңгеден асты.

Дүкен басшылығы полицияға хабарласқаннан кейін қымбат алкогольді ұрлап шыққан келіншек  ұсталды. Сонымен бірге ол өз кінәсін толық мойындады.

Қазір полицейлер оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері тергеп-тексеру мүддесінде жария етілуге ​​жатпайды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)

Тегтервиски