Баспалдақтан кішкентай ұлымен құлап ,бетін жыртып алған Салтанат Бақаева сол кезді есіне алды

Салтанат Бақаева байқаусызда баспалдақтан құлаған сәтін еске алып, бетінен ауыр жарақат алғанын айтты, деп жазады Қызықты Weekend бағдарламасына сілтеме жасаған altyn-orda.kz 

Әншінің айтуынша, ол кішкентай ұлымен бірге абайсызда құлап қалған.

«Бұл мен үшін өте үлкен сынақ болды. Сол кезде жұмыс көбейіп кетті.

Балам сағынып, бір күнге Алматыға ұшып келдім. Түнгісін балам жылағасын, төменгі қабатқа түскенбіз. Баспалдақтың жанындағы шамды жағуды ұмытып кетіппін. Екеуміздің аяғымыз тайып, екінші қабаттан бірінші қабатқа құлап түстік. Бетім терезенің алдындағы тақтайшаға қадалып, сүйегіне дейін шығып кетті. Қайта көзіме тимегеніне шүкір. Қуанышқа қарай, баламның бір жеріне де зақым келмеді. Періштесі қаққан шығар. Өзім қатты күйзеліске түстім. Бетімнің жыртылған жерін мықты дәрігер тігіп берді. Өзіме қатты ұнады», — деді Бақаева.