Бауыржан Байбекке қатысты тергеуді бастау керек – Ермұрат Бәпи

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің үстінен іс қозғау керектігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс кулуарында тілші одан «Алтай Көлгінов пен Бауыржан Байбек заң алдында қаншалықты таза деп ойлайсыз?» деген сауал қойды.

Көлгіновке қатысты ештеңе айта алмаймын, ал Байбекке қатысты баяғыда-ақ іс қозғалуы керек еді, қылмыстық іс болуы шарт емес. Оның қызмет жолына тергеу жүргізу керек. Алматы қалалық әкімі лауазымынан бастап одан кейінгі қызметтеріне дейін. Себебі Байбек жайлы ашық деректерде талай материалдар жүр. Мұның бәрі құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмауы қажет, — деді Бәпи.