Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі қайда өтетіні белгілі болды

Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі қай жерде өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанның көрнекті мемлекет және саяси қайраткері Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі Алматыда 11 маусым күні сағат 10:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Бердібек Сапарбаев 71 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Бердібек Машбекұлы ұзақ жылғы еселі еңбек жолында лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени өркендеуіне және өңірлерді дамытуға мол үлес қосқан еді. Мемлекетіміздің сындарлы саясатын зор біліктілікпен жүргізе білді. Қазақстанның беделі мен мәртебесінің арта түсуіне қажыр-қайратын жұмсады. Азаматтық қадір-қасиетімен ел ішінде құрметке бөленді. Соңына өшпес із қалдырған Бердібек Машбекұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.