«Биыл біз жеңеміз»: Зеленский бір жылға созылған соғысқа байланысты мәлімдеме жасады

Президент Владимир Зеленский Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруінің бір жылдығына арналған видео жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«24 ақпанда миллиондап иық тірестіре шешім қабылдадық. Ақ емес, көк-сары туды тік көтердік! Шегінбедік, күреске бел будық! Жаумен шайқасқа түстік. Бұл – ауыр әрі қайғылы, сенім мен бірлік жылы болды. Мызғымас күш екенімізді көрсеттік! Биылғы жыл – біздің жеңіс жылы екенімізді білемін», — деп жазды Владимир Зеленский.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 24 ақпанында Украинаға Ресей әскері басып кірген еді. Соғыстың бір жылдығы қарсаңында Қазақстан БҰҰ-да Ресей әскерінің Украинадан шығару мәселесі дауысқа салынғанда қалыс қалды.