«Біздің боксшылар қазақтардан мықты»: Өзбектен шыққан Олимпиада чемпионы күтпеген мәлімдеме жасады

«Біздің боксшылар қазақтардан мықты»: Өзбектен шыққан Олимпиада чемпионы күтпеген мәлімдеме жасады

Токио Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық Баходир Жалолов Қазақстан мен Өзбекстан боксын салыстырып, қай елдің басымдық танытатынын мәлімдеді, деп жазады Bassport.kz.

Боксшы 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия біріншілігін қорытындылаған.

— «Өзбекстан әуесқой бокстан әлем үздігі саналады. Таиландтағы Азия біріншілігі де Өзбекстан чемпионатына айналды. Біздің боксшылар 10 салмақтың тоғызында алтын медаль алды. Мұндай жағдай тарихта болмаған. Өткен жылғы әлем чемпионатында Қазақстан көбірек медаль алды. Оның үстіне қыздардың да көрсеткіші есепке алынды. Осы тұрғыдан олар алда болған шығар. Жалпы алғанда біз ірі жарыстарда Қазақстанның алдын орадық. Біздің бокс қазақстандық бокстан мықты», — деді Жалолов.

Айта кетелік, Баходир Жалолов қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаевты Азия және әлем чемпионаттарында ұтқан болатын.

 @sporttime.kz