Боксшы Сәкен Бибосынов әлем чемпионын жеңіп, Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстан бокшысы Сәкен Бибосынов Азия чемпионатының жартылай финалында әлем чемпионын жеңіп, финалға жолдама алды. Бибосыновты қосқанда Қазақстан ерлер құрамасының тоғыз боксшысы финалда алтынға таласады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

51 келіге дейінгі салмақтағы Сәкен Бибосынов Жапония боксшысы Томоей Цубоиды 5:0 есебімен жеңді. Цубои 2021 жылы 54 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы болған. 

Сәкен Бибосынов – Олимпиада-2022 қола медаль жүлдегері, былтырғы әлем чемпионы. Онымен бірге финалға Қазақстанның тағы 12 боксшысы шықты. 

Олар:

Әйелдер құрамасы: Алуа Балқыбаева, Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова, Гүлсая Ержан;

Ерлер құрамасы: Санжар Ташкенбай, Махмуд Сабырхан, Серік Теміржанов, Дулат Бекбауов, Асланбек Шымбергенов, Нұрқанат Райыс, Айбек Оралбай, Камшыбек Коңқабаев.