Бүгін — Бейсен Құранбектің туған күні

Бүгін — белгілі журналист Бейсен Абайұлы Құранбектің туған күні, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Көзі тірі болса, тележүргізуші 51 жасқа толар еді.

Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы еліміздегі бірқатар республикалық телеарнада қызмет атқарған.

2013-2017 жылдары Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы көпшілікке танымал «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды. 2017 жылдың қыркүйек айынан Ұлттық арнадағы «Қарекет» бағдарламасының тізгінін ұстаған еді. 2014 жылдан бастап Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры қызметін атқарды.