«Бұл енді — үлкен қылмыс!»: Айгүл Орынбек Қожа Ахмет Яссауи кесенесі алдында ЛБГТ туын көтергендерді жазалауды талап етті
Қылмыс қай жерде жасалды, оқиға орын алған жерде қылмыстық іс ашылу керек деп жазады
sn.kz Айгүл Орынбектің фейсбук парақшасына сілтеме жасап
Екі әйел бір-бірімен қарым-қатынаста шығар, адамның жеке өміріне ешкімнің қол сұғуға құқысы жоқ, оны жақсы білем.
Бірақ екеуара қатынасты насихаттау үшін бүкіл бір Ұлттың қасиетті мекенін таңдап, халықтың діни таным-сезімдерімен ойнау, бұл енді — үлкен қылмыс!
“Әркімнің таңдауын сыйлау керекпіз”, деп өз мәдениетімізді, өз ұлтымыздың құндылығын, рухани тектілік-қастерін ұмытпауымыз керек!
Мына екі азамат шектен шықты!
Еуропаның заңын, өмір сүру қағидасын, “тұрпайы” ұғымын біздің Елге тықпалап қажеті жоқ!
Екеу аралық қарым-қатынасты үндемей-ақ жасап жүре беруге болады, ал оны көпшілік алдына шығып, біздің менталитетіміз бен тегімізге қайшы келетін ең киелі мекенде насихаттап отыруы, бұл — қасақана әдейі жасалған іс әрекет деп ойлаймын.
Бұл тіпті біздің Ұлтымыздың демографиясына төніп тұрған қауіп деп есептеймін! Дәстүріміз бен дініміздің қаймағы бұзылмай отырған Оңтүстік аймаққа, рухани Астанаға келіп жұрттың ашуын туғызуы да тегіннен-тегін емес! Сондықтан, бұның артында кім тұр немесе сырттан да сақтануымыз қажет!
Әр елдің заңын, діни көзқарасын, руханиятын сыйлау керек! Құрметтесін! Аяқ тартсын!
Егер ұнамайма, Еуропаға барып тұрсын!
Сол себепті, мына екі азаматқа қылмыстық іс ашылсын!
ҚР Қылмыстық Кодексi
174-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру
1. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасы, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау, егер бұл іс-әрекеттер жария немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, сол сияқты әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындау немесе тарату жолымен жасалса, — екі мыңнан жеті мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салуға не екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан