Кәсіпкер әйелдердің сүтінен дайындалған кофе сатады

Пермь қаласының кәсіпкері аналардың сүтімен кофе сатады. Айтуынша, бұған сұраныс көп. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдердің сүтінен айындалған бір стақан кофе –  650 рубль (3600 теңге). Күніне бес литр сүт кетеді екен.

Кофехана иесі әлеуметтік желі арқылы жаңа босанған қала тұрғындарын тауып, сүттерін сатып алады. Бір пакет сүт үшін мың рубль (5600 теңге) төлейді. Содан кейін сүт қаладағы кофехананың үш нүктесіне таратылады. Айтуынша, әйелдерден ауруханадан алынған анықтама талап етіледі.

“Тоғыз анамен тығыз байланыстамыз. Олар күніне бес литр сүт әкеледі. Кофе салыстырмалы түрде қымбат. Күніне 45-50 стақан кофе дайындаймыз”, – дейді Максим Кобелев.

Ерекше бизнесті қолға алған ер адам жылдың соңына қарай күніне мың стақан кофе сататын деңгейге шығуға үмітті.