« Ч..ка », Мәскеу метросында ұлтаралық жанжал: жолаушылар жас жігітті қорғап қалды

Мәскеу метросындағы «Аэропорт-Сокол» станциясында жағымсыз оқиға болды. Вагон ішінде ақ футболка киген ер адам өзге ұлт өкіліне ұқсайтын жас жігітке тиісіп, оны ұлттық белгісіне қарай қорлаған деп хабарлайды Altyn-Orda.kz

Куәгерлердің айтуынша, вагонда бос орындар болғанына қарамастан, ер адам жас жігіттен орнын босатуды талап еткен. Жігіт жанжалдан қашып, бірден орын берген. Алайда бұл агрессорды тоқтатпаған. Ол дөрекі сөздерін жалғастырып, жас жігітті вагоннан шығарып жіберуге тырысқан.

Осы сәтте вагондағы басқа жолаушылар зардап шеккен жігітке араша түсті. Қыздардың бірі полиция шақыра бастаған, ал тағы бір жолаушы бұзақыны пойыздан шығарып жіберуге әрекет жасаған.

Әзірге агрессивті ер адамның ұсталғаны немесе оған қатысты қандай да бір шара қолданылғаны белгісіз.

Бұл оқиға қоғамдық көліктегі ксенофобия мен ұлттық белгі бойынша кемсіту мәселесін тағы да алға шығарды. Көпшілік мұндай жағдайларда жолаушылардың бейжай қалмай, зардап шеккен адамды қорғауы маңызды екенін айтуда.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ULT.KZ – ақпараттық портал (@ult.kz_)

Толығырақ: Altyn-Orda.kz